Huawei өзінің операциялық жүйесін ойлап тапты

0
43

Осы жылдың күзінде Huawei компаниясы өзінің жеке операциялық жүйесін шығарады. Бұл туралы қытайлық компанияның атқарушы директоры Юй Чэндун мәлімдеді.

Ол арқылы компания смартфон, компьютер, планшет, теледидар, автокөлік сынды тауарларын бір жүйеге біріктіре алады. Сонымен қатар, өзге шетелдік операциялық жүйелерге тәуелсіз болады. Мұндай қадам АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың ушыққан шағында жасалып отыр.

17 мамыр күні АҚШ сауда министрлігі Huawei компаниясын ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін қара тізімге енгізген еді. Екі күннен соң Google қытайлық компаниямен серіктестігін тоқтататындығын мәлімдеді. Яғни Android жаңартулары мен Google бағдарламалары Huawei қолданушылары үшін қолжетімсіз болып қалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз