Иран және түркі халықтарының жыл мейрамы болып есептелетін Әз-Наурызды түркі әлемінің босым бөлігі әлі күнге шейін дәстүр бойынша атап өтіп келеді.
Көктемнің мерекесі, жаңару, жаңа күннің, жақсылық пен игіліктің бастауы болған мейрамды барша түркі әлемі өз тіліндегі ерекшеліктеріне тән: Наурыз, Невруз, Навруз, Ноовруз, Новруз Байрам, Гүлновруз, Нардуган, Гүл Гардон деген әр түрлі атаулар берген.
Қазіргі таңда әр елде мекен еткен түркі және Иран халықтарының Наурызды тойлау және мерекені атау ерекшеліктері әрүрлі болғанымен, әлі күнге дейін сақталып қалған бір ерекшелік, мерекеде міндетті түрде Наурыз көже мен сол елдің ұлттық тағамдары дайындалады.
Өзбекстан
Жылдың бастапқы мерекесін өзбек ағайын жыл сайын өзінше ерекше атап өтеді. Жылдың басын қалай бастасақ соңы да сол күйде аяқталады деп сенетін өзбек бауырлар ең алдымен бір-бірінен кешірім сұрасып, амандық, саулық тілеседі. 21 Наурыз ұлттық киімдерімен жер-жерде өнер көрсетіп, әтеш пен ит шайқастырып, ат шабыстырады. Өзбекстан халықтарының бұл мерекедегі басты тағамдары «Сумаляк» дайындалады. «Сумаляк» – бидай мен ұнның қосындысынан жасалатын өзбек ұлтының ұлттық тағамы.
Түркіменстан
Жаңа маусым басталатын «Наурыз Байрамын» Түркіменстан өзінің салт-дәстүрімен, ырым-жоралғыларымен бастайды. Сонымен қоса, түркімен елінің қасқырға жақсы шабады деп сенген асыл тұқымды «Алабай» иттерінің шайқасын ерекше тамашалайды.
Тәжікстан
Тәжікстан халқы Ұлыстың Ұлы Күнін «Навруз» деп атайды. Бұл күндері тұрғындар ерекше ықыласпен сәлем берісіп, «Наврузотан пируз бод!», «Навруз муборак бод!» (Наурыз құтты болсын, Мүбарак болсын, бақ әкелсін) дейді. Тәжікстанда «Навруз» мейрамының басты тағамы дәнді-дақылдардан қосып жасалатынын палау мен кәуап.
Түркия
Ыстамбұлда Наурыз, «Султан-ы Невруз» немесе «Невруз Султан» деген сында атаулармен аталады. «Әр елдің салты басқа» дегендей түрік елінде де Наурыз мейрамына қатысты өз ырым-жоралғылары бар. Дәстүрге сай адам наурыздың алғашқы күнінде не көрсе жыл бойы сонымен бірге болады деп сенген. Сол себептен жақсы нәрселер ойлауға, мейрамға дайындалып, өзіне ұнайтын дүниелерін сатып алуға тырсады. Наурыздың 23 тойланатын бұл мерекенің негізгі символы – от. Жергілікті халық алдымен оттан секіріп, кейін Түркияның ежелгі дәстүріне сай қызып тұрған темірді балғамен соғады. Бұл – ріктердің жаугершілік замандағы батырлығы мен ержүректігінің белгісі. Султан-ы Неврузда түрік халқы жапырақшамен дайындалған бөрек, юфка, леблеби, локум және тәттілердің сан алуан түрлерін жасайды.
Қырғызстан
Қырғыз көршілер Наурыз мейрамын тойлауы өзбек ағайындарға ұқсас келеді. Татулық пен бірлікті, денсаулық пен ұзақ өмірді, молшылық пен жақсылықты білдіретін Қырғыз ұлтының ұлттық тағамы – «Сумелек» (сүмөлөк) және Наурыз көже дайындалады. Сумелек тағамы халық арасында «су» және «періште» сөздерінен құралғандықтан қасиетті тағам деп есептеліп, жаннат тағамы деп те атайды.
Қазақстан
Қазақ халқы ұлтымыздың ұлық мейрамы, күн мен түн теңесіп, тіршіліктің, жаңа күннің бастауы болған – Наурыз мерекесін ел болып ерекше атап өтеді. Басқа жерлерді Наурыз мейрамы жылына бір рет тойланса, еліміздің Батыс өңірінде Ұлыстың ұлы күні наурыз айының он төртінші жұлдызынан бастап тойланады.
Наурыздың басты тағамы – жеті түрлі өнімнен жасалатын Наурыз мейрамының символына айналған Наурыз көже. Сонымен қоса еттен, ұн және ағарғаннан жасалатын тағамның барлық түрі дастарқанға қойылады. Мейірімділік пен қамқорлықтың айы болған Наурыз мейрамында тұрғындар үй-үйді аралап ізгі тілектер айтысып, үлкендер бата береді.