Қазыналы әз Наурыз Қазығұртта дүркіреп өтті

0
403

Алты ай қысты өткеріп, қара жердің бусанар, күн мен түннің теңелер әз Наурыз мейрамы – атаулы мереке ғана емес, жаңа күннің басталып, ертеңге нақ шешімдермен алға басатын маңызды күнтізбенің бастауы. Атаулы мейрам Қазақстанның түкпір-түкпірінде тойланды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында өзгеше тың серпінде аталып өтті. Kazaknews.kz барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, Қазығұрт ауданында өткен дүбірлі мейрамнан фоторепортаж ұсынады.

Қазығұрт өңірінде Наурыз мейрамына дайындық қызу басталды
Қаз-қатар тізілген киіз үйлер көздің жауын алады

Құлақ құрышын қандырар әдемі ән мен күйден шашу шашылды
Мерекелік шара барысында қырыққа жуық киіз тігілді
Ежелден аңшылыққа үйретілген тазы иттер де осында
Әдемі текеметтер мен қолөнер бұйымдары қауымға таныстырылды
Ерекше әдістермен жасалған құмыралар жәрмеңкесі
Мерекеге орай ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Ақ жаулықты әжелер әдемі әннен шашу төкті

Қылқалам шеберлерінің өнері ортаға салынды

“Наурыз Қазығұрттан басталады” ауқымды шарасы 230 биші қатысқан қойылыммен басталды
Ауқымды мерекелік кешке келген халық қарасы көп болды. Өңірдің құрметті азаматтары, өнер иелері, елдің түкпір-түкпірінен келген халық қалаулылары да осында
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халықты ұлық мерекемен құттықтады
Өнер адамдары көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады
Мейрам барысында мыңдаған адам бір сәтте төс қағысып, көрісті

Мерекелік кеш әсерлі қойылымдармен жалғасты

Атаулы мереке барысында ОҚО әкімі Ж. Түймебаев өңірдегі қоғамдық істерге белсене араласқан бірқатар азаматтарды, қайырымдылық жасаған кәсіпкерлерді марапаттады
Марапатау рәсімінен кейін де әдемі кеш жалғасын тапты
Қазығұрт өңірінен арнайы репортаж дайындаған kazaknews.kz тілшісі Жанна Ахметова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз