Бүгінде Қазақстанда 14 мыңға жуық шет ел азаматтары білім алуда. Олардың 3683-і Өзбекстан Республикасының, 3290-ы Үндістан, 1320-сы Түркіменстан, 1026-сы Қырғызстан, 1290-ы Қытай Халық Республикасының азаматтары. Бұл көрсеткіш 2020 жылға қарай 50 мыңға дейін өседі деп жоспарлануда.
Соңғы 10 жылдың ішінде әлемде жоғары оқу орнында білім алатын студенттердің саны 70 пайызға дейін артқан. ЮНЕСКО-ның Статистикалық Институтының баяндамасына сай шет елдерде білім алатын студентер саны 1999 жылы 1.68 миллион адамды құраса, бұл көрсеткіш 2014 жылы 207 миллион адамға жеткен.
Шет елдік студенттер білім беру сапасын белсенді түрде дамытып отырған елдердің ұлттық экономикасына елеулі пайда әкеледі. Мәселен, 2017 жылы Австралияға халықаралық жоғары білім беру экспортынан 4.2 миллиард доллар кіріс кірген.
Қосымша білім беру жүйесі қаржылай кірістен бөлек бірқатар артықшылықтарға ие. Біріншіден, халықаралық студенттерге білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін шетел студенттерін қабылдаушы елдердің университеттері оқу бағдарламасы мен жоспарын үлестіреді. Олар сондай-ақ, оқу процесін қашықтықтан оқытуға мүмкіндік алады. Екіншіден мемленкетаралық университеттер арасындағы серіктестікті дамыту. Дамудың осы кезеңін пайдалана отырып университеттер қос дипломды жүйені дамытуға мүмкіндік алады. Үшіншіден, бұл ғылыми базаны үнемі жетілдіру болып табылады. Төртіншіден, отандастарымызға үлкен әлеуметтік капитал иеленуге, халықаралық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ, мәдениет аралық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Бүгінде, халықаралық білім беру жүйесінде көш бастап тұрғын АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Канада және Жаңа Зеландия сынды ағылшын тілді мемлекеттер.
Жадыра Аманбайқызы