Лаңкестер Орталық Азияға оралуы мүмкін – Әбдірахманов

0
74
дереккөзден

Сирияда жеңіліске ұшыраған лаңкестер өздері шыққан елдерге соның ішінде Орталық Азияға оралуы мүмкін. Бұл ақиқатында ең үлкен қауіп, әрі бұл жайтты қатаң бақылауға алу керек. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

“ДАИШ* лаңкестік ұйымының Сириядағы жеңілісі тұрғысынан алып қарағанда аталған лаңкестердің өздерінің туған жеріне оралу қауіпі бар, соның қатарында Орталық Азия елдері де бар әрі бұл жайтты қатаң бақылауға алу қажет”, – деді Әбдірахманов қойылған сұрақтарға жазған жауабында.

СІМ басшысының сөзінше, Қазақстан Сириядағы ішкі жағдайдың тез орнығуы тұрақсыздықтың ошағына айналған аймақты қалпына келтірудің шарты деп ұғынады, деп жазады РИА Новости.

Атап өтерлігі, Сирия Араб Республикасындағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Дағдарысты тоқтату жайы Астана және Женева алаңдарында талқыға салынды, сондай-ақ, Ресейдің Сочи қаласында да өтті. Астанада Сирия бойынша Астана процесінің 9 раунды өтті.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз