15-16 маусым күндері Қазақстан астанасында Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 18-ші раунды өтті.

Сирия дағдарысына шешім табу мақсатымен ұйымдастырылған Астана процесінің кепілгер елдері Түркия, Ресей және Иран делегациялары 18-ші рет бас қосты.

Сәрсенбі күнгі кездесулер екі және үш жақтылы жиналыстармен басталды.

Келіссөздерге Түркия атынан Сыртқы істер министрлігі Сирияға жауапты басқармасының бас директоры Селчук Үнал бастаған делегация қатысты.

Астана процесіне қатысып отырған Түркия делегациясы.

Ресейден президент Владимир Путиннің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Ираннан Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Али Асгар Хаджи бастаған делегациялар қатысты.

Ресей делегациясы.
Иран делегациясы.

Жиналысқа Сирия режимінің Сыртқы істер министр орынбасары Айман Сузан, әскери опоозициядан Ахмет Тума төраға болған делегациялар қатысты.

Баспасөз брифингі басталар алдында. Сирия режимінің Сыртқы істер министр орынбасары Айман Сузан.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр О. Педерсен атынан саяси мәселелер жөніндегі уәкілі Роберт Данн өкілдік етті.

БҰҰ өкілдері.

Алдыңғы кездесулерде бақылаушы мәртебесіндегі Иордания, Ирак пен Ливаннан бұл жолы тек қана Иордания делегациясы қатысты.

Сирия оппозиция өкілдері.

Екі күн жалғасқан жиналыстарда сириялық босқындардың елге қайтарылуы үшін жасалатын жағдайларды қамтыды. Сириядағы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық жағдай, Женевадағы Конституциялық комитеттің жұмысы, сенімді арттыратын шаралар, кепілге алынғандарды босату және Сириядағы жоғалып кеткен адамдарды іздеу қатарлы тақырыптар талқыланды.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов сөйлеп отыр.

Бейсенбі күнгі пленарлық отырысты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов ашып, кездесу қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің бірлескен мәлімдемесін оқыды. 

Кепілгер елдердің өкілдері халықаралық құқық пен халықаралық гуманитарлық құқыққа, Сирия мен көршілес елдердің егемендігіне қайшы келетін, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін Израильдің Сирияда жалғасып жатқан әскери шабуылдарын айыптап, оларды тоқтатуға шақырды. Олар Израильдің Сирия аумағындағы агрессияны жасыру ретінде азаматтық ұшақтарды пайдалануы халықаралық ережелерді өрескел бұзу және бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіретінін баса айтты.

Кепілгер үш елдің өкілдері терроризмнің барлық нысаны мен көріністерімен күресу және Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге және көршілес елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге бағытталған сепаратистік жоспарларға қарсы тұру мақсатында ынтымақтастықты жалғастыра бермек.

Олар Сирияның әртүрлі аймақтарындағы лаңкестік әрекеттің барлық түрін айыптап, ДАИШ, Джабхат ан-Нусра және Аль-Каида немесе ДАИШ-пен байланысы бар барлық басқа тұлғаларды, топтарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды түпкілікті жою үшін одан әрі ынтымақтастық қажеттігін қуаттады.

Келіссөзге қатысушылар Идлиб деэскалация аймағындағы жағдайды егжей-тегжейлі қарастырды және ИМ және оның айналасындағы жағдайды, оның ішінде гуманитарлық жағдайды тұрақты қалыпқа келтіруді қамтамасыз ету үшін одан әрі күш салуға келісті. Олар Идлиб бойынша қолданыстағы барлық келісімдердің толық орындалуы арқылы жердегі тыныштықты сақтау қажеттігін баса айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз