Қарағанды облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

0
148
Photo: zakon.kz

Қарағанды облысында “АрселорМиттал Теміртау” (АМТ) компаниясына қарасты “Қазақстан” шахтасында жұмысшы мерт болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада қазандыққа қызмет көрсету жөніндегі шебер болып істеген ол адам 16 қарашада жұмыс орнында қаза болғаны ғана айтылған. Төтенше оқиғаның жай-жапсары туралы өзге ақпарат жоқ. Компания адам қазасына апарып соққан оқиғаны тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылғанын мәлімдеген.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, марқұмның денесі көмір салатын бункерден табылған.

6 қарашада АМТ компаниясының Қарағанды облысындағы “Саран” шахтасында бір шахтер жұмыс орнында қазаға ұшыраған болатын. Компания оны “жазатайым оқиға” деп атаған. Сол кезде де төтенше оқиғаны тексеретін комиссия құрылғаны жайлы хабарланған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз