Қазақстанда 2020 жылы 1987 жылғы балалардың туылу рекорды жаңарып, елімізде 425,6 мың туғандар тіркелді. Осыған дейінгі рекорд 417,1 мың бала. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Жаңа рекорд 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6%-ға көп. 2020 жылы дүниеге келген сәбидің көбісі қала тұрғындарынікі (249 мың сәби) одан кейін ауыл тұрғындарынікі (180 мың сәби).
Ал туу көрсеткіші ең көп өңірлері мыналар: Түркістан(14,4%), Алматы(12,7%) облыстары, Алматы(8,3%) қаласы, Шымкент қаласы(7,4%), Нұр-Сұлтан(7%) қаласы мен Жамбыл(6,9%) облысы.