2021 жылы Қазақстан қанша қандас қабылдай алады?

0
387

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгіледі. 
Бұл туралы adilet.zan.kz сайтында жарияланды.


Бекітілген бұйрық бойынша:

  • 2021 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының саны 1 426 адам;
  • 2021 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының саны 6 039 адам болып белгіленсін.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы 2021 жылы 13 ақпанда бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 16 ақпанда тіркелді. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз