ДСМ: Өткен тәулікте 692 адам коронавирус жұқтырды

0
155
Photo: Turar Kazangapov

22 ақпанда Қазақстанда 692 адамнан коронавирус табылды. 8 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 8 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 23 ақпан таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы(111) қаласында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 208 809 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 48 991 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 613 адам қайтыс болған. 40 967 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 20 780 адам (оның ішінде 7411 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 245 адамның жағдайы ауыр, 55 науқастың жағдайы өте ауыр. 48 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз