Мешіттердің қайырымдылық жәшіктеріндегі ақшаны ұрлаған 25 жастағы Қызылорда облысының тумасын Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері құрықтады. Бұл туралы Түлкібас ауданының полиция бастығы Данияр Мейрхан әлеуметтік желіде жариялады.
Полиция бастығының жазбасына қарағанда, күдікті мешіттердегі бейнебақылауды көре тұра арам пиғылын іске асырған. Ол қайырымдылық жәшігін бұзып ішіндегі ақшаны сөмкемен алып кетеді. Бұл оның алғашқы қылмысы емес.
Тергеу барысында күдіктінің Шымкентте – 20 рет, Түркістанда – 7 рет , Ордабасыда – 3 рет, Алматыда – 3 рет, Таразда – 10 рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Қазір басқа облыстарда қылмыс жасап жасамағаны анықталып жатыр
Бүгін Түлкібас АПБ қызметкерлері мешіттерде бірқатар ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғыны қайырымдылық көрсетуге арналған жәшіктерді ашып, барлық жиналған ақшаны тонап кеткен.Тергеу аясында, күдіктінің ондаған қылмыстық іс жасағаны бойынша фактілер белгілі болды. Шымкентте – 20 ұрлық, Түркістанда – 7 ұрлық, Ордабасыда – 3, Алматыда – 3, Таразда – 10 ұрлық жасаған болып шықты. Қазіргі уақытта оның облыстың басқа аудандарында мұндай фактілерге қатысы бар-жоқтығы анықталуда.
Posted by Daniyar Meirkhan on Thursday, 22 October 2020