Мысырдан ұшып келген екі жолаушы карантиннен қашқан

0
110
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

23 қазанға қараған түні Шарм-эль-Шейх қаласынан Нұр-Сұлтанға ұшып келген ПТР тест анықтамасы жоқ екі қазақстандық  әуежайдағы ПТР тест тапсыруға апаратын арнайы автобусқа мінбей қашып кеткен. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады.

Полиция қызметкерлері азаматтардың тұрғылықты жерін тауып карантин стационарына жеткізді. Жолаушылардың екеуі де Нұр-Сұлтан тұрғыны.

“23 қазанға қараған түні Шарм-эль-Шейхтен ПТР сертификатсыз келген Нұр-Сұлтанның екі тұрғыны ПТР тестін тапсыру үшін стацционарға апаратын арнайы автобусқа отырмай әуежайдан қашып кетті.” – деді көліктегі бас санитар дәрігер Садуақас Байғабылов.

22 қазаннан 23 қазанға қараған түні Қазақстанға 11 халықаралық әуе рейсі қонып, 1291 жолаушы келген. Оның ішінде тест анықтамасы бары 962 адам, ал 329 жолаушыда ПЦР тест анықтамасы жоқ. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз