Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram-дағы парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлады.
“Құрметті қостанайлықтар, вирустың алдын алу шараларына қарамастан, COVID-19-ға тапсырған тест коронавирус жұқтырғанымды растады. Осыған байланысты қашықтан жұмыс істейтін боламын”, – деп жазды аймақ басшысы.
Бұған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың коронавирус жұқтырғанын хабарланған болатын.