Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов коронавирус жұқтырды

0
173
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов. Photo: turkistan.gov.kz

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

“Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр” деп жазды Аюпов Facebook-та.

Қала басшысы жұмыс бабымен адам көп жерлерде жүруге мәжбүр болғанын, ал вирустың кімнен жұққанын білмейтінін айтты.

“Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді” деді ол.

Аюпов әкімдік ғимараты залалсыздандыралытынын, қызметкерлер анализ тапсыратынын мәлімдеді.

39 жастағы Аюпов Түркістан әкімі болып 2019 жылдың шілдесінде тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз