Қазақстанда коронавирустан тағы 7 адам қайтыс болды

0
146

22 маусым күні Қазақстанда тағы 7 адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтанда. Ел астанасында 53, 64, 58, 45 жастағы ер адамдар және 53, 69 жастағы әйел адамдар; Қостанай облысында 71 жастағы ер адам COVID-19 дертінен көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы бұл марқұмдардың қазасына COVID-19 дерті себеп болды деген шешім қабылдаған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 127 адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 38
  • Алматы қаласы – 20
  • Павлодар облысы – 13
  • Шымкент қаласы – 13
  • Қарағанды облысы – 10
  • Ақмола облысы – 8
  • Түркістан облысы – 8
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қостанай облысы – 3
  • Атырау облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1

Кейінгі уақытта елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп, елде күнде кем дегенде 4-5 адам COVID-19 дертінен қайтыс болғаны хабарланып жатыр.

Қазақстан билігі коронавирус жұқтырған кем дегенде 54 марқұмды ресми статистикаға қоспаған. Министрлік олардың өліміне “коронавирус емес, басқа дерттері себеп болды” дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз