Семейде тегін көлік акциясы ұйымдастырылды. ҚМДБ Семей аймағы өкілдігі мен Зекет қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарын тасымалдайтын «Тегін көлік » акциясы өтуде.
Қатты аяздың салдарынан Семей қаласындағы қоғамдық көліктердің жүрісі қиындап, қала тұрғындарының жұмысқа келіп-кетуіне айтарлықтай қиындықтар туындап отыр. Мешіт дін қызметкерлері аялдамада тұрған және қол көтеріп тоқтатқан жүргіншілердің барлығын қажетті жерлеріне жеткізіп салуда.
⠀
Сонымен қатар, үскірік аяз күндері мешіт жағдайы төмен отбасыларға тас көмірмен, қамтамасыз етті.
⠀
Қазіргі таңда Семей «Қос мұнаралы» орталық мешіті және қалалық мешіттердің имамдарымен қызметкерлерінен құралған 20-нан астам көлік қала тұрғындарына, тегін қызмет көрсетуде.
⠀
Қала халқы көңілге жылылық ұялатып, адамдарды ізгілікке жетелейтін игілікті шара жасағаны үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіруде.