Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болды

0
903
Жамбыл облысындағы жарылыс. Photo: Kaztag.kz

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында жарылыс болып, соңы өртке айналды. Бұл туралы Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде сағат 19:00 шамасында өрт тұтанды. Өрт кесірінен белгісіз заттар жарылды” делінген қорғаныс министрлігінің сайтында.

Министрлік таратқан ақпарат бойынша, әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы отты сөндіруге тырысып жатыр, оларға Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері көмектесіп жатыр.

“Өртті сөндіру жалғасып жатыр. Оттың тұтану себебі анықталу үстінде. Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев басқарған комиссия жіберілді” делінген министрлік хабарламасында.

Әзірге адам шығыны, жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Әлеуметтік желідегі хабарларға қарағанда, қоймада кемінде сегіз жарылыс болған, өрт тоқтаған жоқ. Оқиға орнына жедел жәрдем және полиция көліктері өтіп жатыр, журналистер жарылысты алыстан бақылап тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз