Александр Дугин мен Анкара мэрі Мелих Гёкчек

Белгілі Ресейлік саяси аналитик, философ, әрі стратег Александр Дугин 15 шілде 2016 жылы Түркияда болған төңкеріс әрекетінен бір күн бұрын Анкараға келіп, қала мэрі Мелих Гөкчек пен президент Режеп Тайып Ердоғанның кеңесшілерімен кездескен. Орыс саясаттанушы кездесулерде Түрік Қарулы Күштерінің мобилизациялануға әзірлік жасап жатқанын ескерткен. Бұл туралы 15 шілде төңкеріс әрекеті жайында біраз маңызды ақпаратқа ие «Отан» партиясының (Vatan Partisi) төрағасы Доғу Перинчек «Ахуал» (Ahval) газетіне берген сұхбатында хабарлады.

Мәселенің мән-жайын түсіну үшін Доғу Перинчектің* (Д.П.) «Ахуал»-ға (А.) берген сұхбатынан үзінді келтіруді жөн көрдік.

А: Бір сөзіңізде «Дугин* бізге Түрік әскерінің ерекше мобилизация жағдайында екенін айтқанда, мұны үкімектке айтуын өтіндік. Ол, өз кезегінде, Анкараға барғанда Анкара мэрі Мелих Гёкчекке айтқанын жеткізді. Төңкеріс әрекеті болмай жатып үкіметтің (бұдан – ред.) хабары бар еді. Мен білетін болсам, мұны MİT-тің (Ұлттық барлау қызметі – ред.) білмеуі мүмкін бе?» дейсіз.

Алғашқы сұрағым: Неге Мелих Гёкчек? Екіншісі болса: MİT-тің және үкіметтің хабары болған болса, күткені не (олардың – ред.)?

Д.П: Маған мұны алғаш жеткізген  – (партиядағы – ред.) төраға орынбасарымыз, зейнеттегі генерал-полковник Хасан Аттилла Угур. Сол күні Атилла Угур мырзаның Yeni Şafak газетіне беретін интервьюі бар еді.

«Олар тазалық (жұмыстарын – ред.) жүргізуде, енді қолдарында қару қалмайтын болады, сол үшін (толық – ред.) тазартқанға дейін осындай әрекетке дайындалуда» – деген мәлімет берді маған.

Мен де Атилла Угур командирімізге түстен кейін Yeni Şafak-қа беретін интервьюінде бұл жайтты айтып беруін өтіндім. Ол да Yeni Şafak-тың репортажында осының бәрін жайып салды. Сондай-ақ оларға (газеттегілерге – ред.): «Мұны үкіметке де жеткізіңдер», – деп айтты.

Александр Дугин

А: Yeni Şafak-қа жеткіздіңіз, алайда MİT-ке жеткізбедіңіз бе?

Д.П: Бірақ білмеймін, Атилла Угур білетін бір нәрсені MİT-тің білмеуі мүмкін бе… Себебі бұл ақпарат бізге дейін жетті…

Екіншіден, Александр Дугин мырза бізге 15 шілдеден екі күн бұрын келген еді. Біздің шақыруымызбен келді. Сонымен қатар, Президенттің кеңесшілері мен Мелих Гёкчекпен кездесуі өтті. Премьер-министр Бинали Йылдырыммен де кездесті. Ол (Дугин – ред.) бізге: «Түрік армиясында ерекше бір мобилизация барын анықтадық», – деді. Өз сөздерімен айтып отырмын. «Ресей мемлекеті түрік армиясының ішінде әдеттегіден ерекше мобилизация барын анықтады», – деді.

Оның өзінен Әділет және даму партиясы (AKP: Adalet ve Kalkınma Partisi – ред.) басшылығымен, үкіметпен өткізетін кездесулерде бұл мәселені қозғауын сұрадым. Олармен кездескеннен кейін тағы бір рет жолықтық және бұл ақпаратты жеткізгенін айтты.

Дугин 14 шілде күні Мелих Гёкчекпен ғана емес, Тайып Ердоғанның бас кеңесшілеріне де жеткізді бұл ақпаратты.

Александр Дугин мен Доғу Перинчек

А: «14 шілде Ердоғанның бас кеңесшілерімен кездесті Александр Дугин», – дедіңіз. Бұл бас кеңесшілер кім?

Д.П: Қазір мен есімдерін атамай-ақ қояйын, мен бәрін білмеймін. Оның (Ердоғанның – ред.) екі немесе үш кеңесшімен ресми рандеву алды.Бұлар (рандеву – ред.) мемлекеттің тіркеуінде бар.

Одан да маңыздысын айтайын, біз 1 шілде күні, төңкерістее 15 күн бұрын Түркияда 400 мың үндеу тараттық. Сол үндеулердің бірінші пунктінде АҚШ-тың (жаңа – ред.) бір үкімет (құру – ред.) процесінде болғанын, заңсыз жолдармен билікті тартып алуға тырысқанын ашып жаздық.

Александр Дугин Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырыммен (сол жақтан үшінші) бірге

*Доғу Перинчек (75 жаста) – оңшыл партиялар үстемдік құрған Түркияда 1960-70жж  «революциялық жұмысшы және шаруа партиясын» құрған солшыл көзқарастарға ие қоғам қайраткері, қазіргі таңда «Отан» партиясының төрағасы. 2008 жылы аты шулы «Эргенекон» ісінде басты күдікті ретінде қамауға алынып, 5 тамыз 2013 жылы өмір бақи бас бос бостандығынан айырылған Д.Перинчек 10 наурыз 2014 жылы ақталып шықты. «Отан» партиясының төрағасы қамаудан босатылғаннан кейін де саяси аренадағы белсенділігін жоғалтпай, қайта қарқынын арттыра түсті. Д.Перинчек – билік басындағы партия мен оның лидері, ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның көзқарастарына қарсы мәлімдемелер жасағанымен, таңғаларлық «саяси иммунитетке» ие қайраткер.

**Александр Дугин (56жаста) – «Жаңаеуразияшылдық» (Новоевразийство) идеясының негізін қалаушы, Кремль мен орыс армиясына деген ашық симпатиясымен танымал саяси аналитик. Орыс ұлтшылдығының лидерлерінің бірі болып есептелетін А.Дугиннің саяси көзқарасы бойынша, Ресей посткеңестік республикалармен Еуразиялық Экономикалық Одағы аясында интеграция жасауы арқылы еуразиялық супердержава құруы тиіс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз