Түркиядан Ливияға қару-жарақ тасымалдаған жүк кемесі тәркіленді

0
68
дереккөзден

Грекия жағалау күзеті Түркиядан Ливияға бірнеше тонна қару-жарақ алып шықпақ болып, халықаралық санкцияларды бұзған жүк кемесін тәркіледі.

Тасмания аралдарында тіркелген «Андромеда» кемесінен жарылғыш заттар бар 29 контейнер тиелгенін анықтаған жағалау күзетінің басшысы Яннис Аргириу жүк кемесін «жылжымалы баяу жарылғыш заттай» деп атады. Бұл туралы Катимерини газеті жазды.

Афина-Македония хабар агенттігі (AMNA) таратқан ақпаратқа сүйенсек, өткен сенбі күні тәркіленген кемеден шыққан жарылғыш заттар бейбіт мақсатта құрылыс саласында қолданылады, ал қаскүнемдердің қолына түссе, бомба дайындығында, тіпті лаңкестік шабуылдарға құрал болуы мүмкін.

Түркияның Мерсин және Искендерун порттарында жүктелген кеме Джибути және Амман (Иордания) қалаларына бағыт тартқанымен, кеме капитанының айтуынша, жүктерді Ливияның Мисрата қаласына жеткізу міндеттелген.

Сарапшылардың пікірінше, Мисрата – Катар мен Түркия қолдайтын бүлікшілердің бақылауындағы қала. Бұған дейін БАҚ-та Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Герберт Раймонд Макмастер Түркия мен Катарды батыс елдерінің мүддессіне қарсы экстремистік діни идеологияға қаржылай қолдау көрсететін радикализмнің жаңа демеушілері деп айыптаған еді.

Атап өтерлігі, 2011 жылдан бастап Еуроодақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Ливиядағы кез келген фракцияға қару-жарақ жеткізуге эмбарго қойған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз