АҚШ 8 елдің азаматтарына мемлекет аумағына кіруге тыйым салды

0
79
Manuel Balce Ceneta \AP Photo

АҚШ билігі мемлекет аумағына кіруге тыйым салынатын мемлекеттер тізімін кеңейтпек. Бұл туралы Ақ үйдің Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп қол қойған баспасөз қызметінің кең таралған хабарламасында мәлімделді.

Аталған елдер тізіміне Чад, Иран, Ливия, Солтүстік Корея, Сомали, Сирия, Венесуэла және Йемен кірді. Бұл шектеулер  18 қазанда күшіне енеді. Мәтінге сәйкес, Ішкі қауіпсіздік министрлігінің деректері бойынша, бұл  мемлекеттерде «сәйкестендіру және ақпарат алмасу туралы», «тәуекел факторлары» және жеткіліксіз хаттамалар бар.

Сонымен қатар, АҚШ әкімшілігінің өкілі мәлімдегендей, бұрынғы Трамптың қаулысымен Судан азаматтар виза ала алмаған елдер тізімінен шығарылды, оған қатысты жаңа шектеулер де қолданылмайды. «Бүгіннен бастап Судан тізімнен шығарылады»,- деп мәлімдеді Трамп арнайы брифингте.

«Бұрын немесе қазір енгізілген шектеулер ешқашан, ешқашан нәсіліне, дініне немесе сеніміне қатысты қолданылмаған. Аталған елдің үкіметтері біздің негізгі талаптарға сай емес», – деді әкімшілік өкілі.

Осы хабарландырудан кейін Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонның мәлімдемесін таратты. «Мемлекеттік департамент осы шараларды тиісті түрде қолдану үшін басқа федералды органдармен әрекеттерді үйлестіреді», – деді америкалық диплломатия басшысы.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз