Қазақстанда ақылы негізде оқуды жоспарлаған түлектер ҰБТ тапсырмауы мүмкін

0
81
фото ашық дереккөзден алынды

Білім және ғылым министрлігі ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген мектеп түлектеріне бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырмау туралы «Ақ жол» партиясының ұсынысын қарастыруда.

Тестілеу мемлекеттік білім беру грантына үміткерлерге  ғана қалдырылуы мүмкін, деп мәлімдеді жұма күні Сенатта өткен  парламенттік тыңдау барысында министр Ерлан Сағадиев.

«Алтын белгіні» тағайындау кезінде туындаған мәселелерді шешу керек. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсетіндерге  ҰБТ – ны алып тастау ұсынылуда. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Яғни ҰБТ-ны мемлекеттік гранттар бөлу жүйесі ретінде ғана қалдыру ұсынылуда», – деп мәлімдеді Сағадиев.

Ол биылғы жылы 36,5 мың білім беру  грантына, тағы 1,5 мың қосымша грант бөлінгенін еске салды. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі әрбір мамандық бойынша квота санын өзгертуді жоспарлап отыр.

«Қазір жалпы медицина үшін 3000 грант , стоматологияға 45 грант, педагогика бойынша 8 мың грант және экономика мамандығы бойынша 46 грант ғана беріледі. Әрине экономика мамандығына түсетіндер болса, олар 105 балл жинаса да түсе алмайды, ал педагогикалық мамандықтарға 65 балл жинаса да түсе алады. Әрине, қоғамда бұл мәселе жыл сайын үлкен резонанс тудырады »,- деп түсіндірді министр, әрі аталған жүйенің тағы да електен өтетін ескертті.

Сайлаубай Сабина

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз