Елбасы «Қайрат» футбол клубының спорт базасына барды

0
40

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы клубтың спорттық базасымен танысты, онда бес толық өлшемді футбол алаңы, медициналық кешен және спортшыларды толық қалпына келтіруге арналған жабдықтар бар.

Бұдан өзге Қазақстан Президентіне Алматы қаласының Орталық стадионын жаңғырту тұжырымдамасы, сондай-ақ жеңіл атлетика бойынша спорт инфрақұрылымын дамыту  жоспарлары ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қайрат» футбол клубының академиясында оқып жатқан жас спортшылармен тілдесіп, спорт және оқудағы жетістіктері туралы сұрады.

– Спортпен шұғылдану үшін біздің елімізде барлық жағдай жасалған. Қазақстан жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарда тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Бізде бокс, күрес, жүзу, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерінен Олимпиада чемпиондары бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі стадиондар күрделі жөндеуден өткенін әрі мемлекет тарапынан футболды дамытуға жүйелі қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев жас спортшыларға зор денсаулық пен жарқын жеңістер тіледі.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз