Әлемде 617 миллион бала мен жасөспірім сауатсыз – ЮНЕСКО

0
205
ашық дереккөзден алынды

Әлемде 617 млн. балалар мен жасөспірімдер оқу мен есептеудің бастауыш деңгейлерін меңгермеген. Бұл туралы ЮНЕСКО статистика институтының жаңа деректері мәлімдейді.

ЮСИ (ЮНЕСКА статистика институты) деректеріне сәйкес, бұл «оқу дағдарысының» дәлелі бола алады, әрі БҰҰ-ның тұрақты дамудағы күн тәртібін жүзеге асыруға кедергі келтіреді.

Деректер көрсеткендей, бастауыш мектеп оқушыларының 387 млн. астамы (56%) және орта мектеп жасындағы (61%) 230 млн. жасөспірім оқу және математикалық дағдылардың ең төменгі деңгейін де меңгермеген. Мұндай дағдыларды меңгермеген балалардың көбі Африкада Сахараның оңтүстігіне қарай тұрады, онда 202 млн. бала мен жасөспірім аталған негізгі пәндерді оқымайды. Бүкіл өңірлерде 6-14 жас аралығындағы он баланың тоғызы оқу және математика бойынша білім деңгейінің ең төменгі деңгейін де меңгермеген. Орталық және Оңтүстік Азияда бұл көрсеткіш 81% немесе 241 млн. бала сауатсыз.

Ең қызығы және алаңдауға негіз тудырып отырған – бұл оқымайтын балалардың үштен екісі мектепке барады. Кіші мектеп жасындағы 387 млн. баланың  262 млн. еркін оқи алмайды. Бұдан өзге  орта мектепте оқыған 137 млн. жуық оқушы оқу дағдыларын ең төменгі деңгейде меңгермеген.

Аталған сандарды үш себеппен түсіндіруге болады. Біріншіден, қолжетімділіктің болмауы: мектепке қабылданбаған балалар іс жүзінде қажетті дағдыларды меңгерудің ең төменгі деңгейіне жету мүмкіндігіне ие емес. Екіншіден, балаларды мектепте ұстау және белгіленген кестеге сүйену қабілетсіздігі. Үшіншіден, мектептегі білім сапасы.

 

                                                         Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз