Америка Құрама Штаттарында 4 мыңнан астам мұғалім ереуілге шықты. Ереуілдер шеруі 2 күн бұрын басталған болатын. Ол бүгінде әлі де басылмай тұр.
Колорадо штатына қарасты Денвер қаласында мұғалімдер құрған кәсіподақ пен мектеп басшылығы арасында айлық анықтау келіссөзі нәтиже бермегендіктен, мұғалімдер ереуілге шығу шешімін қабылдады.
Ереуілге қаладағы 4 мыңнан астам мұғалім қатысты. Ереуіл салдарынан Денвердегі 5 мың балабақша жеткіншектерінің сабақтары болмай қалды. Кейбір мектептерде сабақты мектеп басшылары мен кезекші мұғалімдер беруде. Кейбір оқушылар да мұғалімдеріне қолдау мақсатты сабаққа кірмеді.
Осы қаладағы мұғалімдер 25 жылдан бері бірінші рет ереуілге шықты.
Айта кету керек, орта мектептерде жұмыс істейтін америкалық мұғалімдердің ай сайынғы еңбекақысы 4 800 АҚШ долларына жуық. Сондай-ақ, жалақы деңгейі өңірлер бойынша өзгеріп отырады. Мысалы, Калифорния мен Нью-Йоркте жалақы көлемі 7500 долларды құраса, Оңтүстік Дакотада 3200 доллар көлемінде. Америка педагогтарының орташа жалақысын теңгеге шаққанда 1,8 миллион, яғни 2 миллион теңгеге жуық.