Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Сыртқы істер министрлігі болып есептелетін мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт Ресейді «теңіз асты құбыжығына» теңеді.
Х.Науэрт журналистердің «Орыс дипломаттары елден шығарылғаннан кейін АҚШ сайлау жүйесі қауіпсіз болып есептеле ме?» деген сұрағына берген жауабында теріскейдегі көршімізді «теңіз асты құбыжығына» ұқсатты.
«Ресейдің қармауыштары көп» деген АҚШ-тық ресми өкілдің сөздерін Ресейдің Вашингтондағы елшілігі 1930жж нацистік пропагандаға келіңкірейтінін мәлімдеді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт 60 орыс дипломатының елден қуылынуының АҚШ-тағы сайлау жүйесі қауіпсіздігіне қаншалықты әсер ететіндігі жайлы сауалға жауап берді. АҚШ сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған стенограммаға сүйенсек, Науэрт брифингіде Ресейді ««теңіз асты құбыжығына» ұқсататынын айтты.
«Ресейдің өзге елдердегі сайлауларға араласуға құмар ел екенін бұрыннан айтып келеміз» деп мәлімдеген Науэрт АҚШ-пен арадағы жағдайдың бірегей оқиға болмағанын ескертеді. Ресми өкілдің айтуынша, Ресей пропаганда арқылы Мексика, Франция және Еуропаның басқа да елдеріндегі сайлау процесіне қол сұққан. Науэрт сол себепті 60 орыс дипломатының депортациясынан кейін АҚШ сайлау жүйесіне төнген қауіптің сейілетіндігіне күмәнмен қарайтынын айтады.