Сағынтаев Елбасы тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстанға келді

0
96
дереккөзден

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына келді.

Жұмыс сапары барысында бірқатар өндірістік нысандарға бару жоспарланып отыр, соның негізінде Үкімет басшысына өңірде индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы Жер», агроөнеркәсіптік кешенді дамыту секілді мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу қарқыны туралы баяндалады, сондай-ақ «Индустрия 4.0» элементтерін енгізу нәтижелері ұсынылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сапар барысында бизнес өкілдерімен, облыстың жұмыс активімен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен және студент жастармен кездесулер жоспарланған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз