Арменияда экс-президент премьерлікке дәмелі

0
68
president.am

Арменияның биліктегі Республикалық партиясы мен «Дашнакцутюн» фракциясынан құралған коалиция премьер-министрлік қызметіне елдің экс-президенті әрі Республикалық партияның лидері Серж Саргсянның кандидатурасын  ұсынды.

Армян басылымдарының Республикалық партия фракциясының басшысы Ваграм Багдасарянға сілтеген хабарларында 17 сәуір күні сағат 12:00-де Ұлттық Жиын ғимаратында парламенттік дауыс беру рәсімі өтетіні жарияланды.

Багдасарян Серж Саргсянның кандидатурасына қарсы шыққан демонстранттардың шеруіне қарамастан, жиын орны ауыстырылмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, оппозиция дауыс беру рәсімінің өтуіне кедергі жасай алмайды.

«Дашнакцутюн» фракциясының басшысы Армен Рустамянның айтуынша, Серж Саргсянның бастамасымен көтерілген реформалар процесі жалғасын табады. «Бұл процесс кісілердің емес, жүйенің өзгеруін көздейді» деген Рустамян ел үшін басты қауіптің президенттік басқару жүйесіне қайта оралуда жатқанын атады. Сондай-ақ оның пайымынша, Серж Саргсянның бұл өзгерістердің халық үшін жасалғандығын көрсететін кезі келді.

Серж Саргсян ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатында премьер-министр қызметін қабылдап, конституциялық өзгерістерге сәйкес жауапкершілікті алуға дайын екенін айтқан. Саргсянның үкімет басшысы ретінде ішкі және сыртқы саясаттың тізгінін ұстауы үшін бүгін парламенттің қолдауына ие болуы тиіс. Өзінің саяси біліктілігіне сенетін Саргсян премьер-министр ретінде уақытының көп бөлігін кейінгі буын өкілдерімен басшылық тәжірибесімен бөлісуге арнайтынын жеткізді.

Демонстранттар парламенттік жиын өтетін ғимараттың алдында

Оппозиция өкілдері 16 сәуір күні кешкісін парламенттік жиын өтетін орынның алдында наразылық шараларын өткізді. Оппозиционерлердің лидері саналатын депутат Никол Пашинян Армения халқын Серж Саргсянның билікке қайта келуіне жол бермеу үшін, 17-сі күні көшеге шығуға үндеді. Демонстанттар кешегі түні ел астанасы Ереван және (Арменияның ең ірі) Гюмри мен Ванадзор қалаларында көшелердегі көлік қозғалысын шектеген.

Никол Пашинян

Пашинянның айтуынша, Армения Саргсян мен оның айналасынан шаршады, олар билікте болған жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы күрт төмендеді.

Бауыржан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз