Ресей мен Сирия бірде-бір зымыран құлата алған жоқ – АҚШ

0
123

Әуе шабуылы кезінде ресейліктерге тиесілі әуе қорғаныс жүйелерінің қолданылғаны туралы ешқандай мәлімдеме жоқ.

16 сәуірде Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Еуропалық Комиссиясының (EUCOM) баспасөз қызметі Сирия мен Ресейдің әуе қорғаныс күштерінің  АҚШ, Ұлыбритания және Франция үштігі тарапынан Сириядағы химиялық нысандарға бағытталған 100-ден астам зымыранның ешқайсысын құлатып түсіре алмағанын мәлімдеді. Бұл туралы korrespondent.net хабарлайды. 

«Бұл миссияға қатысы бар зымырандардың бірде-біреуі Сирия әуе қорғаныс күштерінің қолынан «сәтсіздікке ұшырамады». Сондай-ақ, ресейліктердің әуе қорғаныс күштерін жұмылдырғаны туралы ешқандай мәлімдеме жоқ» делінген EUCOM-ның баспасөз хабарламасында.


EUCOM мәліметтері бойынша, үш нысанға қарсы 105 зымыран ұшырылды. Атап айтқанда, Қызыл теңіз аймағынан АҚШ-қа тиесілі 30 зымыран, Laboon жарылғыш тасушысынан – 7 зымыран (АҚШ), Парсы шығанағынан 23 Tomahawk ракетасы (АҚШ), Жерорта теңізінен: 6 суасты зымыраны (АҚШ), француздық 3 Languedoc ракетасы және АҚШ әскери әуе күштеріне тиесілі 19 зымыран атылды. Сондай-ақ британдық Tornado және Typhoon жойғышынан 8 зымыран, француздық Rafales және Mirages жойғышынан 9 зымыран ұшырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз