27 ақпан күні Египет астанасы Каирда теміржол вокзалында өрт болып, кем дегенде 25 адам қаза тапқан және 50-ге жуық адам жараланған. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.
Египет құқық қорғау органдарының дерегінше, пойыздардың бірі рельстен шығып кетіп, вокзал платформасын соққан. Дәрігерлердің сөзінше, қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін.
Қазір оқиға орнында ондаған жедел жәрдем көлігі мен өрт сөндіру машиналары келген. Египет бас прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу бастағанын хабарлады.