Елбасы Түркия басшысын қабылдады

0
259

Бүгін Қаазқстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға мемлекеттік сапармен келген Түркиялық әріптесі Реджеп Тайып Ердоғанды қабылдады.

Ақорда сарайында өткен екі жақты келіссөз барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанға 10 қыркүйек күні басталатын ғылым мен технология бойынша Ислам Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу ниетіне алғысын білдірді.

Өз кезегінде Түркия басшысы Қазақстан Президентіне шақыртуы үшін алғысын білдіріп, Түркия мен Қазақстанның экономикалық, мәдени, саяси байланыстарының нығайып жатқанын алға тартып, болашақта сауда айналымын 5 млрдқа ұлғайту қажеттігін, әрі бұған Түркия мен Қазақстанның әлеуеті жететінін айтты.

Сонымен қатар, Реджеп Тайып Ердоған Қазақстан Президентінің аймақтық мәселелерді шешудегі бастамалары мен талпыныстарына алғысын білдіріп, 14 қыркүйекте өтетін Сирия тақырыбындағы Астана процесінің ғаламдық мәселелердің түйінін шешуде маңызды екенін атап өтті. Астана кездесулері арқылы Женева процесінің жеңілдейтінін де алға тартты.

Қос ел басшылары аймақтық мәселелерді соның ішінде Сириядағы, Ирактағы, Палестина мен Мьянмадағы жағдайларды өзара талқылады.

Түркия басшысы ертең Астанада басталатын Ғылым және техника жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз