Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

0
97

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен 3-8 қыркүйек аралығында өткізілген тоғызқұмалақтан 4-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыста алаң иелері, Қазақстан ұлттық құрамасы, бірінші орыннан көрінді.

Жарыстың жабылу салтанатында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов жылы лебізін білдіріп: «Біз үшін кез-келген халықаралық турнирде тек жеңімпаздарды анықтау ғана емес, ұлттық ойынымыздың әлемге таралуы әрі насихатталуы, жаңа деңгейге көтерілуі өте маңызды», – деп айта кетті.

Ерлер және әйелдер арасында болып екі бөлек категорияда өткен чемпионатта жеке-жеке, классика, рапид, блиц түрлері бойынша жеңімпаздарды анықтады. Қазақстан құрама командасының спортшылары тоғызқұмалақтың классик түрінен ерлер және қыздар арасында, блиц түрінен қыздар арасында, рапид түрінен ерлер және қыздар арасында чемпион атанса, көрші Қырғыз мемлекетінің спортшылары классик түрінен – қола, блиц түрінен ерлер арасында – алтын және күміс, қыздар арасында – қола, рапид түрінен ерлер арасында – күміс алса, қыздар арасында – қола жүлделерге ие болды. Қазақстан мен Қырғызтаннан кейінгі нәтижелі 3–орын Моңғолия мемлекетінен келген команда еншісіне бұйырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз