Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маскқа Neuralink компаниясында адамдарға клиникалық сынақтар жүргізуге және чиптерді имплантациялауға рұқсат берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі компанияның Twitter-дегі хабарламасына сілтеме жасап.
“Біз FDA-дан (Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы) адамдарға арналған алғашқы клиникалық сынақты бастауға рұқсат алғанымызды қуана хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.
Neuralink бұл технология көптеген адамға көмектесуге мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті.
Клиникалық сынаққа қатысуға қабылдау әлі ашылған жоқ. Neuralink стартапын Маск 2016 жыдың шілдесінде миға электродтардың шексіз санын толығымен автоматты түрде имплантациялауға мүмкіндік беретін нейро интерфейстерді дамыту мен роботтар жасау бойынша жетекші мамандардың күш-жігерін біріктіру үшін ашты.
Клиникалық сынақтарға қатысушыларды тарту туралы ақпарат жақын арада жарияланатыны айтылды.
Илон Маск адам миын чиптеу ойын 2020 жылғы мамырда айтқан еді.
2021 жылдың сәуірінде Neuralink өз бетімен бейне ойындар ойнап жатқан маймылдың бейнежазбасын шығарды. Алдымен жануарға басқару үшін джойстик берілді, ал тапсырма сәтті орындалған соң, зерттеушілер оған тәтті тағам ұсынды. Содан кейін джойстик алынып, маймыл мидың күшін пайдаланып экрандағы курсорды жылжыта алды. Маск бұл технология зағип немесе сал ауруына шалдыққан адамдарға толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
2023 жылғы наурыз айында Neuralink адамдарда ми импланттарын сынау үшін серіктес іздеп жатқаны хабарланды.