Сенатор: «Парашютпен секіру кезінде 5 сарбаз қаза тапты»

0
472
фото: Astanatv

2017 жылдан бері әскери жаттығудағы парашютпен секіру кезінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 5 сарбаз көз жұмған. Осыған байланысты сенатор Геннадий Шиповских Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

«Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздарымызды техникалық қауіпсіздікпен қамти алмаудамыз. Мәселен, қаңтар айында Астана қаласында әскери борышын өтеп жүрген қарағандылық сарбаздың жаттығу кезінде парашюті ашылмай қалып, көз жұмды», – дейді депутат.

Сенатордың айтуынша дәл солай парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде 2020 жылы Маңғыстау облысында әскери қызметші, Алматы облысында, 2021 жылы ҚР қарулы күштерінің капитаны, 2019 жылы полковник және 2017 жылы ефрейтор өлімі осындай жағдаймен орын алып отыр. Осылайша 2017 жылдан бері парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуы кезінде 5 Отан қорғаушы қайтыс болған.

«Адам өмірі мен денсаулығынан асқан ештеңе жоқ. Бұндай оқыс оқиғалар бірнеше мәрте орын алсада одан әлі сабақ алмаған сияқтымыз. Аталған оқиғалар әскерде техникалық қауіпсіздік шараларына тиісті деңгейде назар аударылмайтынын көрсетеді», – дейді Г. Шиповских.

Осылайша депутат Берік Асыловқа, Бас прокуратура әскердегі осындай жағдайлардың алдын алу бойынша қандай жұмыс атқарып жатыр және осы мәселеге қатысты қандай жоспары бар екенін сұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз