Македония ресми түрде атауын өзгерті

0
72

Македония парламенті елдің атауын ресми түрде “Солтүстік Македония Республикасы” деп өзгертті. Македония мемлекеті атауын Солтүстік Македония деп өзгерту туралы бұған дейін қабылданған шешім кеше 12 ақпанда ресми түрде күшіне енді.

Бұрынғы Югославия құрамында болған Македония республикасының парламенті биыл қаңтарда конституцияға ел атауын Солтүстік Македония республикасы деп өзгерту туралы өзгеріс енгізуді мақұлдаған. Қаңтардың соңында Грекия парламенті бұл туралы екі ел арасында қол қойылған хаттаманы бекітті.

6 ақпанда Брюссельде Солтүстік Македонияны НАТО-ға қабылдау туралы хаттамаға қол қойылды.


1991 жылы Югославия тарағаннан кейін тәуелсіздік алған Македония атауына байланысты Грекиямен арада дау шыққан. Македония – Грекияның солтүстігіндегі өлкенің бағзы заманнан бергі тарихи атауы деген уәжді алға тартқан Грекия НАТО мен Еуропа Одағына мүше болғысы келетін Македониямен ол жөнінде келіссөздер өткізуге тосқауыл қойып келген. Ел атауына қатысты дау-дамай көп жылға созылып, тек өткен жылы ғана тараптар ортақ келісімге келді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз