“Ленин ескерткішінің қоқыста жатуы мәдениеттілікке жата ма?”

0
108
ҚР Мәжіліс депутаты Владислав Косарев. Сурет: bnews

13 ақпан күні Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде кеңестік кезең ескерткіштерінің қалай сақталып жатқаны жөнінде айтты.

Жиында депутат Владислав Косарев қоқыста жатқан Ленин ескерткіші туралы айтып, министрге сұрақ қойды.

“Бізде кеңес үкіметінен қалған мәдениет ескерткіштерін сақтау бойынша моральдық жауапкершілік бар ма? Себебі, Владимир Ильич Лениннің ескерткіші қоқыста жатқан қалада тұруға болмайды ғой. Мәдениет және спорт министрлігі қоғамдағы мәдениеттілікке жауапты емес пе?”, – деді ол.

Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

“Ерекше сұрақ екен. Кезінде “Ленин өмір сүрді, Ленин тірі, Ленин өмір сүре береді” деген ұран болатын. Біз рақмет айтуымыз керек. Керісінше біз ол ескерткіштерді сақтап жатырмыз. Мысалы, Серік Тұрарұлы (Седуманов) Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған кезде ол “Сарыарқа” деген паркке сол ескерткіштерді апарып қойды”, – деді ол.

Кейін министр депутатқа аталған паркке баруға кеңес берді.

“Сондықтан “Сарыарқа” паркіне баруыңызға болады. 22-сәуірде біз сол жерде болу керекпіз ғой. Владимир Борисович, бірінші сұрақ өте өзекті. Тарихи артефактілер халықтың мақтанышы болып қана қоймай, оны халықаралық та маңызы болуы қажет. Әрине, мұнда мәдениеттің кез келген түрінің маңызы зор. Мысалы, кино өнері”, – деп түйіндеді сөзін Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз