Түркияда Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

0
279
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты. Photo: Facebook/D.Ametbek

Түркияның Бурса провинциясы Изник елді мекенінде дәстүрлі түрде төрт жыл сайын өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Қазақстан делегациясын Түркияға мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды. 

Жарысқа Қазақстан атынан қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату спорт түрлері бойынша 53 спортшы ел намысын қорғайды.

Спорттық жарыстар 29 қыркүйек таңғы уақытта басталған. Қазақстан көкпаршылары Өзбек елінің жігіттерімен бақ сынасып, 8:1 есеппен жеңіп шықты. Ендігі тартыс Моңғолиямен.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу рәсіміне Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен тағы бірқатар елдің президенттері, үкімет басшылары, министрлері қатысты.

Еске салайық, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет Қырғызстаннан тыс жерде өтіп жатыр. Спорттық дода 2 қазанға дейін жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз