Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Ердоғанға Стамбул қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын айтып жеделхат жолдады.
Оқи отырыңыз: Стамбула орталығында жарылыс болды
“Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын”, – деп жазылған жеделхатта.
Тоқаев қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.