Стамбула орталығында жарылыс болды

0
155
Жарылыс болған маң. Photo: BBC Turkish

13 қарашада Стамбулда туристер көп жүретін Истикляль көшесінде жарылыс болды. Әлеуметтік желіде жарияланған видеолардан көп дәмхана мен дүкендер шоғырланған көшеде халықтың қашып жатқаны, оқиға орнында зардап шеккендер бары көрінеді.

Түркия президенті Режеп Ердоған алты адамның қаза болғанын, 50-ден астам адамның жараланғанын айтты. Ақпаратты Стамбул губернаторы растады. Қаза болғандар артуы мүмкін.

Стамбул губернаторы Әли Ерликая Твиттерде жарылыс жергілікті уақытпен сағат 16:20-да болғанын жазды.

Жарылысқа не түрткі болғаны белгісіз. Стамбул прокуратурасы теракт болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады. Ердоғанның айтуынша, алдын ала тергеу мәліметтері соны көрсетіп отыр. Әзірге шабуылды мойнына ешкім алған жоқ.

Кейінгі жылдары Стамбулдағы бірнеше жарылысты “Ислам мемлекеті” террористік тобы жасаған.

Қазақстан СІМ жексенбі күні түнде Қазақстанның Стамбулдағы бас консулдығы жараланғандар немесе қаза болғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатқанын хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз