Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

0
132
Қасым-Жомарт Тоқаев және Режеп Ердоған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Ердоғанға Стамбул қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын айтып жеделхат жолдады.

Оқи отырыңыз: Стамбула орталығында жарылыс болды

“Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын”, – деп жазылған жеделхатта.

Тоқаев қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз