Вашингтонның ресми делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Чен Ынның кездесуіне дайындықты талқылау мақсатында Солтүстік Кореяға барды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ-тың Филиппиндегі елшісі Сун Ким бастаған делегация 27 мамыр күні Солтүстік Кореяға келді.
АҚШ-КХДР саммиті
Америка Құрама Штаттары мен Солтүстік Корея басшыларының кездесуі қазіргі уақытта 12 маусым Сингапурда өтеді деп жоспарлануда.
Екі елдің жоғары деңгейдегі кездесуін наурыз айында Солтүстік Корея басшылығы ұсынған болатын.