2 қараша кешке Венада бірнеше аумақта атыс болып, 3 азамат қайтыс болды және 15 адам жарақат алды. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.
Вена қаласынының полиция басшысы Герхард Пюрстльдің хабарлауынша, 3 қарапайым азамат (2 ер, 1 әйел) және 1 қылмыскер қайтыс болған.
Австрияның ішкі істер министрі Карл Нехаммердің таңертеңгі конферецияда теракт ұйымдастырушылары ИМ-нің (Ислам мемлекеті) мүшесі екенін және денелерінде жарылғыш заты бар белбеу болғанын хабарлады. Олар суық қаруланған және бір уақытта қаланың алты жерінде “теракт” жасаған.
Terroranschlag auf #Synagoge in #Wien!
Schießerei auf offener Straße.
Es gibt angeblich mehrere Tote!https://t.co/IhEnt92Oj2 #vienna pic.twitter.com/4NrRAN1J58— Hartes Geld (@Hartes_Geld) November 2, 2020
БАҚ өкілдерінің жазуынша, шамамен 7 “қылмыскер” болған. Әзірге тек біреуі ғана ұсталды. Қалғаны іздестіріліп жатыр.
Билік бұл шабуылды теракт деп санайды және қала тұрғындарынан мүмкіндігінше үйлерінен шықпауын сұрайды. Бұдан бөлек ұлттық кеңес пен парламенттің отырыстары тоқтатылды және мектептерде сабақ тоқтатылды.