10 мыңнан астам студент кәсіпорын тапсырысы бойынша білім алады

0
115
Фото: rg.ru

Биылғы оқу жылынан бастап колледждерге кәсіпорын өтінімдері бойынша кадр даярлау енгізілді. Бұл, еңбек нарығының сұранысына сай маман әзірлеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы – колледж бітірген соң студент тапсырыс берушінің компаниясында жұмыс істейді. Ол үшін білім беру ұйымы, кәсіпорын және студент арасында үш жақты келісім-шарт жасалады.

“Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы оқу жылынан бастап жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша оқытуды бастады. Колледждер еңбек нарығына қажет кадр дайындайды. Кәсіпорындарға өз базасында тәжірибеден өткізу, тағылымдамаларын ұйымдастырып, түлектерді жұмысқа қабылдау жүктеледі”, – дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.

Айта кетейік, мақсатты тапсырыс колледждерге кадрлық сұранысқа сай білім беру бағдарламаларын жаңартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда кадр даярлауды «Сарыарқа автопром», «Kamaz» ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Базис-Астана», «Аster Аuto Аstana» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындар қолдап отыр.

Мақсатты тапсырыс бойынша 10 мыңнан астам студент оқитын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз