Асхат Аймағамбетов еңбек жолын университетте жалғастырады

0
137
фото: kazguu.kz

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов еңбек жолын М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ (КАЗГЮУ) университетінде жалғастырады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Енді экс-министр М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗ университетінде дәріс оқитын болады.

“Асхат Қанатұлы біздің студенттерімізге өз тәжірибесімен бөлісіп, тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз”, – делінген университет хабарламасында.

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов:
2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.

“Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын”, – дейді Асхат Аймағамбетов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз