Киім дайын ба? Кеш қайда өтеді? Фото, мейрамхана, лимузин — осының бәрі әрбір түлекті бір жыл бойы толғандыратын сұрақтар. Ал биылғы 11 сынып түлектері бұл маңызды күнге қаншалықты дайын?
Бұл сұрақ тағы да ата-ананың қалтасын да қағып тұр. Жыл сайын тек түлектердің ғана емес, мейрамхана, визажистердің де бағасы өсуде. Мәселен, 2017 жылы жуықтап қараған кезде 70 мың теңгеге ақша құртқан. Бұл қазіргі жылмен салыстырғанда халық үшін бұл баға су тегін болып көрінуі мүмкін.
2024 жылғы түлектер бұл дайындыққа 200 000 жуық ақша кеткенін де айтады. Ал биыл қандай өзгерістер күтіп тұрғанын ұстаздар мен оқушылардан сұрап көрдік.
Ұстаздардың айтуы бойынша мектеп бітіруішілер басты талап пен ережені сақтау керек. Сақтықта қорлық жоқ екенін айттып өтті.
Асель Тұрсынбекова: Өткізу керек деп ойлаймын. Қарапайым тілде биыл бітіру кеші жайлы айтатын болсам, бұл әрбір мектеп бітіруші түлектің маңызды күні. Бала мектеп бітіріп жатыр, өзінің сыныптастарымен, мұғалімдерімен қоштасу кешінде бір әсерлі естелік қалдыру керек.
Сонымен қатар, ҰБТ емтиханы да жақындап қалды. Ал әр баланың бірінші міндеті емтиханнан сәтті өтуі.
2025 жылы 11-сыныпты аяқтайтын 217 мыңнан астам түлек ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда. Білімге деген бәсекелестік артқан сайын қосымша дайындық курстарына сұраныс та өсіп отыр. Әр ай сайын қосымшаға 60 000 бастап төленсе, жылдық ақшасын есептегенде бір оқушы үшін орта есеппен 720 000 теңгеге дейін шығындалуы мүмкін. Бұл — тек бір ғана бағыттағы дайындыққа кететін қаржы. Ал бірнеше пәннен дайындалатын түлектер үшін 1 миллион теңгеден аса жұмсалады.
Соңғы қоңырау биыл 23 мамырдан 26 мамырға дейін атап өтеді. Болашақ талапкерлерге сәттілік, оқушыларға ақ жол тілейміз.
Сабина Бекболат