Білім министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысында мектеп бағдарламасында 0 сыныптың енгізілуіне байланысты бірқатар жұмыстардың жүргізіліп жатқанын және латын әліпбиінің бастауыш сыныптарда алғаш рет қай жылдан бастап енгізілетінін айта кетті.
Министр: «0 сыныптың енгізілуі үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бәріңізге белгілі 2020 жылы 0 сынып латын әліпбиінде басталуы тиіс. Келесі оқу жылынан бастап даярлық топтар мен сыныптарда әліппе апробациясын бастау үшін осы жылы әдістемелік комиссиялар жұмыстарын бітіруі қажет», – деп мәлімдеді.