Сауд ханзадасы Израильге оң қабақ танытты

0
102
дереккөзден

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман израильдіктердің өз жерлеріне иелік ете алатындарын мәлімдеді. Аталған мәлімдемені мұрагер ханзада 3 сәуір Atlantic журналына берген сұхбаты барысында айтты.

«Палестиналықтар мен израильдіктер өз жерлеріне иелік ете алады. Біз аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және қалыпты қарым-қатынас орнату үшін бейбіт келісім жасауымыз керек», – дейді Мұхаммед бен Салман.

Өз кезегінде саяси бақылаушылар Эр-Рияд пен Иерусалимнің өзара жақындығын алға тартуда. Мәселен, наурыз айының соңында Сауд Арабиясы ел тарихында тұңғыш рет Тель-Авив бағытында ұшатын жолаушылар ұшағына арналған әуе кеңістігін ашты. Бұған дейін Сауд Арабиясы Израильді мойындамай, аталған елмен дипломатиялық қатынас жасамаған еді. Reuters таратқан ақпарға сәйкес, Иерусалим мен Эр-Риядтың жақын қарым-қатынас орнатуына Саудияның Иранмен шиелініскен қатынасы түрткі болып отыр.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз