Шығыс Қазақстандық оқушылар ВОУД сынағынан босатылды

0
149

Білім министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі өткен үкімет отырысында су тасқынына байланысты Шығыс Қазақстан облысының кейбір мектептерінде ВОУД (Оқу жетістіктерін сырттай бағалау)  сынағының өткізілмейтінін хабарлады.

Ерлан Сағадиев: «Бүгінгі отырысты пайдаланып, xалыққа бір ақпарат жеткізгім келіп отыр. Су тасқынына байланысты бірнеше аудандарда, мәселен, Шығыс Қазақстанның бірқатар мектептерінде ВОУД өткізбейтін болдық. Нақты ақпарат бүгін облыстарға жіберіледі», – деп атап көрсетті.

Еске саламыз, Білім министрі бүгінгі өткен үкімет отырысында білім беруді және ғылымды дамытудың төрт жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша есеп берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз