Дамаск: Бүлікшілер Ғұтаны тастап жатыр

0
109
Шығыс Ғұтадағы Сирия әскерилері/дереккөзден

2 сәуір дүйсенбіде бүлікшілердің соңғы әскері Сирияның оңтүстігіндегі Шығыс Ғұта аумағынан кетеді. Шығыс Ғұта аумағындағы ең ықпалды бүлікшілер ұйымы «Джаиш әл-Ислам» және олардың жақын тума-туыстары аталған аймақтан кетеді, деп хабарлайды Сириядағы мемлекеттік телеарна. Аталған бүлікшілерді аймақтан шығаруға арнайы автобус жұмылдырылған.

Бұған дейін Ғұта аумағы «Ахрар аш-Шам» ұйымы бүлікшілерінің бақылауында болды. Сирия үкіметі таратқан ақпарға сәйкес, өткен аптада аталған аумақтан кеткен «лаңкестер мен олардың отбасы мүшелерінің» саны 41 мыңға жеткен.

Өз кезегінде «Джаиш әл-Ислам» үкіметтің таратқан ақпарын жоққа шығаруда. «Біз қаламыз деп шештік. Аймақтан кеткілері келетіндерге мен: Барыңдар, бізге кедергі келтірмеңдер! дедім», – деп мәлімдейді сириялық бүлікшілердің командирі Иссам әл-Бувайдани.


Атап өтерлігі, 2013 жылдан бастап Шығыс Ғұтаның 400 бейбіт тұрғыны азық-түлік, ауыз су, жарық пен медициналық көмекке қол жетімсіз халде. 2018 жылдың ортасында Сирия президенті Башар Асад әскері бүлікшілер аймағын бомбалай бастады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз