Республикада 28 мектеп бітіруші түлек Ұлттық біріңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсырды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысына байланысты өткен баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді.
Рамазан Әлімқұлов: Биыл Ұлттық біріңғай тестілеуге 68 мың 698 оқушы ҰБТ-ға қатысты. Оның ішінде 77 мың 224 мектеп бітіруші (75%) қазақ тілінде, 25, 177 орыс тілінде және осы жылы ҰБТ-ны алғаш рет 28 түлек ағылшын тілінде тапсырды. Республика бойынша Ұлттық біріңғай тестілеудің орташа балы 83.1%-ды көрсетті.