Депутаттар демалысқа кетті

0
121
дереккөзден

Парламенттің алтыншы шақырылымының үшінші сессиясы жабық деп жарияланып, Сенат және Мәжіліс депутаттары демалысқа кетеді. Мұндай шешім 29 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданды.

Бірлескен отырыс барысында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеме жасап, парламентшілер жұмысының қорытындысын шығарды.

«Жұмыс барысында Парламенттің қос палатасы да барлық сала мен бағыттарда Үкіметпен тығыз жұмыс жасады», – деген Мәжіліс төрағасы соның арқасында көп нәтижелерге қол жеткізілгендігін алға тартты. Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес, деген Н. Нығматулин Үкіметтен келетін заң жобаларының кемшіңдігін алға тартып, Парламентте сәйкесінше мемлекеттік заң органдары Үкіметтен келген заң жобаларына түзетулер мен өзгерістер енгізетіндігін атап өтті.

Мәжіліс спикері сақтандыру және сақтандыру қызметіне заң жобаларын қарау барысында қоысмша 224 түзету келіп түскендігін айтты. Нығматулин кәсіпкерлік қызметті реттеуді жүзеге асыру заң жобасы Мәжіліске енгеннен кейін мемлекеттік органдар тағы да 254 түзету мен өзгеріс енгізгендігін алға тартты.

«Бұл тұрғыда Салық кодексіне өте көп өзгерту енгізілді. Аталған кодекске Мәжілістің өзінде заңдық және редакциялық тұрғыда бес мыңға жуық өзгерту енгізілді. Аталған кемшіліктер заң жобасының сапасына айтарлықтай әсер етеді. Мұндай кемшіліктерді қабылдауға болашақта жол берілмейді. Үкімет заң жобаларын жасақтауда және қабылдауда сәйкесінше тиісті органдармен талапқа сәйкес әрқилы жұмыстар жасауы тиіс»,

– деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.

Үшінші сессияда екі палатада 129 заң жобасы қаралған, оның 84 қабылданған, мемлекет басшысы қол қойып, заңды күшіне енген заң жобасының саны – 65.

Бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысына Сенаттың 47 депутатынан 41 депутат, Мәжілістің 107 депутатынан 103 депутат қатысты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз